Спорт

"Эмоциямды ұстай алмадым": Сәпиевпен төбелескен боксшы кешірім сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Алматыда өткен Batyrball сайысы кезінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесе жаздаған спортшы Зелимхан Мұсиханов пен жаттықтырушысы Александр Гольцманның кешірім сұраған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, мен жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ережелерді бұздым, қателік жасадым. Содан соң мен өз эмоциямды ұстай алмадым. Серік Сәпиев - халқымыздың мақтанышы. Ойланбай істеген әрекетім үшін мені кешіріңіз. Енді қайталанбайды",- деді Мұсиханов.

Спортшының жаттықтырушысы да кешірім сұрады.

"Құрметті қазақстандықтар, кеше менің оқушым ойланбай әрекет жасады. Мен де эмоцияға бой алдырып, артық сөйлеп қойдым. Менен қате кетті, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекетіміз үшін кешірім сұраймын. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға және мен Серік-ағаға спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметпен қараймыз. Біздің іс-әрекетіміз ешбір жағдайда біздің чемпионның беделін түсірмеуі керек. Біз жағдайдың осылай болып кеткенін қаламадық. Бәріне кінәліміз. Бізді кешіріңізші", - деді Гольцман.

Бұған дейін Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынына қатысып жатқан белгілі олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен спортшы Зелимхан Мұсиханов төбелесуге шақ қалғаны хабарланған.